Бельгияда халыққа вакцина салу қарқындады

Бельгия тұрғындарының жүріп тұруын шектеу шаралары 2020 жылғы қазан айында коронавирус пандемиясының «екінші толқыны» кезеңінде енгізілген болатын.

Бельгияда вакцинация қарқыны артуына байланысты ел билігі карантин шараларын біртіндеп жұмсартады.

Фландрия мен Валлонияда азаматтардың жүріп тұруына қойылған шектеу шарасы 7 мамырда түн ортасында, яғни бір тәулікке ерте аяқталды. Ел астанасы Брюссель аймағындағы коменданттық сағат 8 мамырда бітеді. Сондай-ақ Бельгия астанасында кешкі сағат 22:00-ден таңғы сағат 05:00-ге дейін ішімдік ішуге тыйым салынады. Алайда 8 мамырдан бастап жергілікті кафелер мен мейрамханалардағы жазғы террасалардың жұмысына рұқсат етілді. Олар келушілерді тек сыртта қабылдай алады.

coronavirus2020.kz