Ғарыш станциясына барып келген шарап аукционда сатылады

Ұлыбританиядағы Кристис ((Christie's )) аукцион үйі Халықаралық ғарыш станциясында 14 ай болған Бордо шарабын саудаға шығарады.

Мамандар оны миллион долларға саудаламақ ниетте. Шато Петрус (( Chateau Petrus 2000 )) шарабы өткен жылы Халықаралық ғарыш станциясына тәжірибе түрінде жіберілді. Сусын 14 айдан кейін «Спейс Икспен» жерге қайтарылды. Кейін ғарыштағы салмақсыздық жағдайында сақталған шараптың дәміне мамандар оң баға берген.