427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та алтыншы сынып оқушысы мылтықтан үш адамды жаралады

  • 125
АҚШ-та алтыншы сынып оқушысы мылтықтан үш адамды жаралады

АҚШ-тың Айдахо штатындағы Ригби қаласында 6-сынып оқушысы атыс ашып 3 адамды жарақаттады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қаруды сөмкесіне салып мектепке әкелген қыз бала ғимарат ішінде сосын далада жан-жағына бей-берекет оқ жаудыра бастаған.

Абырой болғанда, оқиғадан адам шығыны жоқ. 2 оқушы мен 1 күзетші жарақат алды. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында. Тергеушілер күдіктінің не себептен бұл қадамға барғанын және суық қаруды қайдан алғанын анықтауға кірісті.

Хабар 24 телеарнасы