Ердоған: Түркия күзге дейін өз вакцинасын жасап шығарады

Түркияда жасалып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина биыл күзде толық дайын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жайында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арнайы брифингте айтты.

«Түркияда коронавирус инфекциясына қарсы отандық вакцина жасау жұмысы белсенді жалғасып жатыр. Биылғы қыркүйек-қазан айларына дейін осы жұмыстың нәтижесін көреміз деген ниет бар» деп атап өтті түрік көшбасшысы.

 

Сондай-ақ...