Италия корольдігінің отбасына тиесілі тәж сатылымға қойылды

Ол Женевадағы әшекей бұйымдар аукционында саудаланады.

Жәдігер 19 ғасырдағы монархтарға тиесілі. Оны сол кезде сарайдың арнайы зергері жасаған. Тәж ақсүйектер әулетінің қызын ұзату кезінде сыйға тартылған. Тәж ірі гаухартастармен және інжу маржандармен әрленген. Жәдігердің бастапқы бағасы – 1,5 миллиард доллар.

Бенуа Репеллин, зергерлік бұйымдар үйінің өкілі:

– Тәж тамшы іспеттес 11 табиғи маржан таспен безендірілген. Ең үлкенінің ұзындығы – 20 милиметр. Мұндай інжу-маржан өте сирек кездеседі. Сондай-ақ ежелгі үлгіде пішімделген гауһартастары тағы бар. Бұл бірегей туынды.

Сондай-ақ...