Марстан масаның ызыңындай дыбыс жетті

Марстан НАСА-ның тікұшағының масаның ызыңындай дыбысы Жерге жетті.

Салмағы екі келіге жетпейтін кішкентай құралдың қалағы минутына 2500 рет айналды. Тікұшақ Марста жүрген техниканың микрофонынан 80 метрдей ұзаған. 

Осылайша адамзаттың қолынан шыққан «Қызыл ғаламшардағы» жалғыз құрылғы бесінші рет ұшырылып, сынақтан сәтті өтті. АҚШ-тың Калифорния штатындағы НАСА-ның Реактивті қозғалыстар зертханасы әлемдегі тұңғыш аудио-жүйені іске қосты. Ұшыру сынағы аяқталған соң Марстың бетінен өткен өмірдің тіршілік белгісі сақталған тастарды іздеу операциясы басталады. Табылған жағдайда «Қызыл ғаламшардың» қыртысының бөлігі Жерге жеткізілуі тиіс.