АҚШ-та азиялық-америкалықтарға қарсы ксенофобиялық әрекеттер тоқтар емес

Соңғы уақытта мұндай шабуылдар үлкен мегаполистермен қатар шағын қалаларда да болып жатыр.

Былтыр АҚШ-тағы азиялық-америкалықтарға жасалған шабуыл саны 3800-ден асты. Нью-Йорк қаласының өзінде жыл басынан бері 40-тан астам ксенофобиялық әрекет тіркелді. Мамандардың айтуынша, заң бұзушылар әдетте әлі жететін нәзік жандыларға, қарт адамарға немесе балаларға шабуылдайтын көрінеді.

Талғат Алманов, тілші:

– Бұл оқиға Манхэттанның орталығында орналасқан мына тұрғын үй кешенінің алдында болды. Белгісіз біреу түскі сағат 12 лердің шамасында өзімен өзі кетіп бара жатқан 65 жасар азиялық қарт адамды сөзге келместен, еш себепсіз жерге құлатып, тепкілеп, соққының астына алады. Алған жарақаттарынан әлгі қария өлім аузынан аман қалады. Ең сорқысы, болған оқиғаны көріп тұрып, ешбір адам араша түспеген.

АҚШ халқының бар жоғы 6 процентін құрайтын азиялық-америкалықтардың дискриминацияға ұшырауы – бұрыннан келе жатқан мәселе. Алайда ксеноффобтардың өршуі Дональд Трамптың президенттігі уақытында ерекше арта бастады. Ковид індетін Қытай вирусына теңеуі және де АҚШ-тағы эпиджағдайдың жауапкершілігін қытай еліне жүктеуі азиялықтарға қарсы қылмыстық жайттарының етек жаюына түрткі болды дейді мамандар. Экс-президенттің мұндай насихатының салдарынан анти-азиялық қылмыстардың саны бір жылдың ішінде 150 процентке өскен.

Флоренс Джианг, журналист:

– Жақында ғана бір топ белгісіз адам маған қарап тұрып ковид вирусын әкелген сендерсіңдер деп айқайлай бастады. Шынымды айтсам, сол кезде не істерімді білмей жылай бастадым.

Азиялық-америкалықтардың құқығын қорғаумен айналысатын журналист Флоренс Ксианің өзі де нәсілшілдердің балағатына куә болып, зардап шеккен. Айтуынша, мұндай шабуылдар әсіресе қытайлықтарға қатты тиюде дейді. Өйткені ресми ақпарат бойынша тіл тигізу немесе күш көрсету фактілерінің басым бөлігі дәл осы ұлт өкілдерне қарсы жасалған екен.

Флоренс Хиан, журналист:

– Мен Атлантадағы атыстан кейін азиалықтарға қарсы күнделікті жасалып жатқан қылмыстың қаншалықты өзекті екенін түсіндім. Бұл әділетсіздік әртүрлі формада болып жатыр. Журналист ретінде мен осы мәселені шешу үшін өз үлесімді қосқым келеді. Медиа өкілдері осындай сұмдықты барынша көрсету керек деп ойлаймын.

Анти-азиялық қылмыстар негізінен Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Майами сияқты үлкен қалаларда тіркеледі. Алайда бұл болып жатқан шабуылдардың бірі ғана дейді тәуелсіз сарапшылар. Өйткені азиялық тұрғындардың бір бөлігі ағылшын тілін меңгермегендіктен тиісті құзырлы органдарға бара алмайды, сонымен қатар полиция қызметкерлері де мұндай қылмысты әшкерелеуге құлықсыз дейді адам құқығын қорғау өкілдері

Чави Ханна Конеру, азиалық-америкалықтар құқығын қорғаушы:

– Билік өкілдері бізді естіп жатқан жоқ. Белгілі бір жапа шеккен адам құзырлы органдарға барып нәсілшілдік фактісі бойынша хабарласатын болса, көп жағдайда ол іс тіпті қаралмайды да. Өйткені нәсілшілдік қылмысы не екенін полиция өкілдері де билік өкілдері де білмейтін сияқты.

АҚШ-тағы анти-азиялық шабуылдарға қатысты БҰҰ-ның Бас Хатшысы Антони Гуттериш пен Ақ үй басшысы Джо Байден де пікірлерін білдірді. Қылмыскерлерді барынша сынға алып және нәсілшілдікке қарсы ортақ күреске шақырды.

Талғат Алманов, Ринат Садыров