Таиланд билігі 2022 жылдан бастап туристерден алым алады

Сомасы 10 долларға, біздің валютаға шаққанда 4 мың теңгеге жуықтайды.

Бұл ақша төтенше жағдайда қолдану үшін туристік қор құруға бағытталады. Осылайша болашақта болатын сын-қатер кезінде аталған саланы қолдауға мүмкіндік тумақ. Келер жылы Таиландқа 21 миллиондай шетелдік келуі мүмкін деген болжам бар. Қазіргі есеп бойынша, туристердің бұл легі қорға 200 миллионға жуық доллар түсіруі керек.