Молдовада қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

Екінші дүниежүзілік соғыста Молдова аумағындағы шайқаста қаза тапқан қазақ жауынгерінің сүйегі елге жеткізілді.

Иван Чередник майданда 73-гвардия дивизиясына қарасты 209 атқыштар полкының командирі болып қызмет атқарған. Ол 1944 жылы Хынчештск ауданындағы Вайнеск елді мекенінде ұрыс даласында қаза тапқан. Оның мүрдесі мен сүйегін Август іздеу тобының мүшелері тапқан. Мұрағат мәліметтері бойынша, Иван Романович Солтүстік Қазақстан облысының Троицкое ауылында дүниеге келген. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің көмегімен сарбаздың сүйегі елордаға әкелінді. Енді немересі атасының сүйегін Петропавл қаласына апарып жерлемек.

Александр Чередник, И.Чередниктің немересі:

– Әлеуметтік желіде соғыста қаза тапқан жауынгер табылды деген ақпарат шықты. Сол кездерде таныстар, достардың барлығы бізге қоңырау шалып хабарласты. Мен атаммен мақтанамын. Ол ерлік көрсетіп, елді қорғап кетті. Кеудемді қуаныш кернеп тұр.