Рим Папасы вакцинаны патентсіз шығара беруге шақырды

Рим Папасы Франциск вакциналарға қатысты зияткерлік меншік құқығынан уақытша бас тартуға шақырды.

Айтуынша, бұл барлық адамның препараттарға қолы жетуі үшін жасалуы тиіс.

Бұл туралы дінбасы Vax Live халықаралық музыкалық жобасының қатысушылары мен көрермендеріне жасаған видеоүндеу кезінде айтты.

«Бүкіл адамзаттың ортақ игілігі үшін жеке бастың қамын күйттеуді қоя тұру керек, сонда әділеттілік вакциналардың барынша қолжетімді болуына септігін тигізеді, сол себепті зияткерлік меншік құқығын уақытша тоқтатайық», — деп мәлімдеді понтифик.

Аударған: Г.Абилова

Сондай-ақ...