Өзбекстанда Жеңіс күнін кең көлемде атап өтуге тыйым салынды

Өзбекстанда 9 мамырға арналған жаппай іс-шаралардың барлығын өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған эпидахуалдың ушығуы себеп. Жалпы мереке күні Өзбекстанның «Жеңіс саябағында» Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы әскери техникалар мен сол кезде қолданылған әртүрлі заттар көрсетілмек. Ал кешкі сағат тоғызда Ташкентте мерекелік отшашу болады деп жоспарланған.

Айта кету керек, қазіргі таңда көрші елде 400-ге жуық Отан соғысының ардагері тұрады. Жеңіс күніне орай қарияларға 12 млн сом көлемінде жәрдемақы тағайындалған. Бұл шамамен 500 мың теңге.

Блиц 1:

- Әрине, 9 мамыр мейрамы барша халқымыз үшін қадірлі мереке. Бірақ бұндай шектеулер де бостан бос қолға алынып жатқан жоқ қой. Ең бастысы, денсаулық керек.

Блиц 2:

- Менің ойымша, бұл мейрамды атап өту керек. Себебі соғыс ардагерлері жылда күтеді ғой. Олардың да қарасы сиреп барады. Олар үшін мереке ұйымдастыру керек.