Кабулда мектеп жанындағы жойқын жарылыстан 55 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулдағы қыздарға арналған мектеп жанында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лаңкестік әрекеттен 55 адам қаза тауып, 150-ден астамы жарақат алған. Құрбандардың көбі оқушы қыздар. Содырлар жарылғыш зат қойылған көлікті қашықтан басқару арқылы жарып жіберген. Сосын 2 рет зымыран атқыланды. Бұл уақытта сабақ аяқталып, оқушылар мектептен шыға бастаған. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани жарылысты «Талибан» қозғалысын айыптап отыр.