Германия халқы соғыс құрбандарын еске алды

Германия астанасында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан сарбаздарды еске алды.

Берлиндегі Кеңес әскерінің рухына арнап қойылған мемориалдық кешен жанында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған қалалық билік өкілдері, әскери атташелер мен дипломатия басшылары қатысты. Арасында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Карипов бар. Іс-шараға Берлин мен басқа қалалардан арнайы ат басын тіреген тұрғындар да куә болды. Немістер үшін фашизмнен азат еткен күн елдің дамуы үшін тарихтың жаңа бетін ашып берді. Сондықтан олар таңсәріден сарбаздардың ескерткіштеріне келіп, тағзым етеді. Бұл жерде қазақстандық жауынгерлер мәңгілік мекенін тапқан. Билік карантиндік шектеулерге қарамастан еске алу шараларын өткізуге рұқсат берді. Бірақ әлеуметтік арақашықтық пен бетперде тағу талаптарын сақтау қатаң талап етілді.

БЛИЦ:

– Бүгін мен үшін ерекше күн. Германияны фашизмнен азат ету күні. Біз ұлтшыл-социализм бастаған азапты кезеңді ұмытпауымыз керек. Бұл күнді әркез есте ұстауымыз қажет. Жер бетіндегі барлық адамдардың бейбіт өмір сүргенін тілеймін. Соғыс ешқашан болмасын!

– Осында келгендегі мақсатым – бұл ерлік ұмытылмауы керек. Фашизмді жеңу оңайға соқпады. Қанша адам құрбан болды. Осы ерліктің арқасында жаңа мемлекет құрдық. Батырлардың рухының алдында басымызды иеміз.