Ресейдің 8 қаласында әскери шеру ұйымдастырылды

Ресейде Жеңіс күні эпидахуалға байланысты түрлі жағдайда аталып өтті.

Әскери шерулер 28 қалада ұйымдастырылды. Мәскеудегі іс-шаралардың біразы былтырғыдай онлайн-форматта болды. Тек биыл Қызыл алаңда шеру өтті.

Ресейдегі Жеңіс күнін тойлау қалыптасқан дәстүр бойынша басты әскери шеруден басталды.

Мәскеудегі Жеңіс күні коронавирус келгенге дейін тек Қызыл алаңдағы әскери шерумен байланысты еді. Бұл жолы адамдардың жиналуына ресми шектеу қойылмаса да, көшеде кісі қарасы әдеттегіден аз болды. Бұған жаңбыр да әсер еткен сияқты. Бірақ ең бастысы жұрттың көңіл-күйі көтеріңкі, сөздері мен жүздерінен мерекенің жылы лебі сезіліп тұрды.

Жеңіс күнін көпшілік отбасылық мереке деп қабылайды. Ата-бабасын, әкесін еске алады.

БЛИЦ:

– Барлық соғыс ардагерлеріне, оның ішінде өрімдей жас кезінде құрбан болған азаматтарға алғысымыз шексіз, құрметіміз мәңгі. Солардың арқасында қазір өмір сүріп жүрміз.

– Атам мен әкем соғыста беларусь партизандары болған. Нағашы атам – әскери ұшқыш. Оларды мақтан тұтамын!

– Бұл мереке – соғысқа қатысқан ата-бабамды еске алатын қасиетті күн.

Бұл күн дәстүрлі отшашумен аяқталады. Мәскеудің 16 алаңында 10 мың отшашу атылады.

Ернат Мелсұлы, Дана Нұржан

Сондай-ақ...