Шығыс Иерусалимде қақтығыс толастамай тұр

Шығыс Иерусалимде палестиналықтар мен Израиль полициясы арасында қақтығыс толастамай тұр.

Кеше түнде қаладағы Ескі Шаһарда тағы наразылық шеруі өтті. Оған қалалық соттың Шейх-Джарах ауданынан палестиналықтарды күштеп көшіру туралы шешімі түрткі болған.

Шерушілерді тарату үшін полиция күш қолданып, 200-ге жуық адам зардап шекті. Осыған байланысты бас прокурор мәселені жоғарғы сотта тыңдау ісін кейінге шегеруді сұрады.

Ал сотқа шағымданушылар «палестиналықтар үйлерін еврей қауымдастығына тиесілі жерлерде салды» деп отыр.

Палестиналықтар болса, бұл «Израильдің жаулап алған жерлері» деп уәж айтады.

Сондай-ақ...