Канадада әуежай маңындағы атыстан адам қаза тапты

Канадада әуежай маңындағы атыстан адам қаза тапты

Канаданың Ванкувер қаласындағы әуежай маңында атыс болды. 1 адамның мерт болғаны белгілі. Күдікті оқиға орнынан ізін суытып үлгірген. 

Қазір оны полиция іздестіріп жатыр. Тәртіп сақшылары қылмыстық іске бірнеше адамның қатысы бар болуы мүмкін деп болжайды.

Оқиғаға қарамастан әуежай жұмысын жалғастырып жатыр. Рейстер кешікпей өз уақытымен ұшпақ. Әуежай басшылығы қызметкерлер мен жолаушылар үшін қауіпсіздік шаралардың барлығы қолға алынғанын айтып, халықты алаңдамауға шақырады.