Жаңа Зеландияда біреу бес адамды пышақтады

Жаңа Зеландияда әлдекім тапа-тал түсте сауда орталығындағы адамдарға пышақ ала ұмтылып, 5 адамды жарақаттады.

Зардап шеккендердің үшеуі ауруханада ауыр халде жатыр. Оқиға Данидин қаласында болған.

Куәгерлердің айтуынша, қаскүнем мұндай әрекетке есірткінің әсерімен барғанға ұқсайды. Полиция күдіктіні ұстады. Ал «оқиғаның лаңкестікке қатысы жоқ» деп мәлімдеді.

Сондай-ақ...