Қытайда қорықтан қашып кеткен қабылан тұрғындарды үрейлендірді

Қытайда қорықтан қашып кеткен үш қабыланның бірі әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік тұрғындарды сақ болуға шақырды. Оқиға Ханчжоу қаласында болған. 1 мамырда жұрт шаһар төңірегінен жыртқыштарды байқап қалған. Ал қорық өкілдері бұл жайында тек бір аптадан кейін ғана ресми хабарлады. Олар ел ішінде дүрбелең туғызығысы келмегендерін айтады. Екі күн бұрын қабыландарды ұстау үшін арнайы штаб құрылған. Сөйтіп, екі жыртқышты қолға түсірген. Тағы бірін іздеп жатыр. Негізі,һ Ханчжоу – жергілікті туристер арасында танымал орындардың бірі. Еңбек күніне орайластырылған 5 күндік демалыс кезінде қалаға адам көп келген екен. Абырой болғанда, жыртқыштар не тұрғындарға, не туристерге жақындамаған.