Қытайда шыны көпір үстімен жүріп келе жатқан турист күтпеген жағдайға тап болды

Өңірде күшті жел тұрып, шыны панельдер ұшып кеткен.

Абырой болғанда, көпір үстімен келе жатқан турист оның таянышынан ұстап үлгерген. Сөйтіп жарты сағат бойы 100 метр биіктікте құтқарушыларды күткен. Ер адам аман қалды. Алайда жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оған психологиялық көмек қажет болған екен.