Румыниядағы ортағасырлық қамалда вакциналау орталығы ашылды

Румыниядағы Дракула қамалында коронавирусқа қарсы екпе егу орталығы ашылды.

Енді ортағасырлық бекіністі көруге келген әр азамат ешбір қиындықсыз вакцина қабылдай алады. Екпе алғандарға бірқатар жеңілдік қарастырылған.

Атап айтқанда, келушілер азаптау құралдары көрмесіне тегін кіреді. Осындай науқанның арқасында жергілікті билік өкілдері ел азаматтарын вакцина салдыруға көбірек ынталандырмақ екен. Жоспар бойынша қыркүйекке дейін 10 миллион адамды вакциналау көзделген. Бұл ел халқының жартысына жуығы. Айта кетейік, індет басталғалы бері Румынияда 1 миллионнан астам адам вирус жұқтырды. 29 кісі көз жұмды.

Сондай-ақ...