Таяу Шығыстағы әуе шабуылдарынан ондаған адам қаза тапты

Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс ушығып барады.

Соңғы мәлімет бойынша Изриаль ХАМАС қозғалысының әскери нысандарына Газа секторынан зымыранмен соққы жасаған. Бұл ХАМАС ұйымының шабуылына қарымта жауап дейді Израиль тарапы. Газа секторының денсаулық сақтау қызметінің мамандары әуе шабуылынан 20 адам мерт болғанын хабарлайды. Олардың арасында 9 бала бар.

Айта кетейік, Дүйсенбі күні Иерусалим, Бейт-Шемеш және елдің оңтүстігінде әуе шабуылы жайында қауіп-қатер дабылы соққан болатын. Зымыранмен жасалған соққыларға жауапкершілікті ХАМАС әскері өз мойнына алды.