ДДСҰ: Коронавирустың таралуы мен өлім-жітім көрсеткіші әлі де жоғары

Өткен аптада 5 миллион 400 мың адам вирус жұқтырып, 90 мың науқас көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақта ұйымы осылай деп дабыл қағып жатыр. Ұйым басшысының айтуынша, Еуропа мен Солтүстік және Латын Америкасында індеттің таралуы мен дерттен қайтыс болу көрсеткіші бәсеңдей бастаған. Бірақ Оңтүстік-Шығыс Азияда вирус өршіп тұр. Бұған кей елдерде санитарлық шаралар жеңілдеп, вакциналау теңдей жүргізілмей жатқаны себеп дейді сарапшылар.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

– Біз әлі де қауіпті жағдайдамыз. Түрлі штамдардың таралуы, карантиндік шараларады жеңілдету және вакцинаның әділ бөлінбеуі мұның барлығы індеттің қайта таралуына жол ашады. Сондықтан пандемияны жеңудің жалғыз жолы – халықты вакциналауда бірігіп әрекет ету.