АҚШ-та аймақтық төтенше жағдай жарияланды

АҚШ-та «Колониал пайплайн» компаниясына кибершабуылдан кейін аймақтық төтенше жағдай жарияланды.

Себебі қастық әрекеттен негізгі құбырлардың жұмысы тоқтап, елдің шығысында мұнай өнімдерін жеткізу қиындаған. Сарапшылар егер жуық арада шабуылдың салдары жойылмаса, жанармай құны күрт өсуі мүмкін деп отыр. Ал ақпарға қарағанда, хакерлер бірлестіктен 100 гигбайт мәліметті ұрлап, ақша сұраған. Егер төлемесе, ақпарды жариялайтынын ескерткен. Ақ үй кибершауылды жай хакерлер жасағанын, Ресейдің қатысы бары дәлденбегенін мәлімдеді.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Біз іске қатысты қосымша шаралар қабылдайтын боламыз. Федералдық тергеу бюросы елдегі өзге компаниялар осындай әрекеттен сақтануы үшін кибершабуылға байланысты барлық ақпарды жариялады. Біз мұндай шабуылдарға тосқауыл қою үшін ғаламдық ынтымақтастықты да күшейтеміз.