Мектептегі атысқа байланысты Татарстанда аза тұту күні жарияланды

Қазан қаласында болған мектептегі қайғылы оқиғадан кейін 12 мамыр Татарстанда аза тұту күні болып жарияланды.

Бұл туралы республика президенті баспасөз қызметінің басшысы хабарлады.

Ресейдің Қазан қаласындағы мектептің бірінде атыс болып, 12 адам қаза тапты.