Малайзияда жалпыұлттық локдаун енгізіледі

Малайзия билігі індеттің күшеюіне байланысты жалпұлттық локдаун енгізуді шешті.

Шектеу шаралары ертеңнен бастап күшіне еніп маусымның 7-іне дейін созылады. Локдаун кезінде барлық қоғамдық іс-шараны өткізуге тыйым салынады. Оқу орындарының барлығы жабылып, бір аймақтан екінші аймаққа сапарлауға шектеледі. ал биліктің мәлімдеуінше, Малайзияда соңғы апталарда коронавирусты жұқтырғандар саны артқан. Елде күн сайын 3 жарым мыңнан аса адамнан вирус анықталуда.

Мохд Редзуан Отхман, аспазшы:

– Мен тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс істеймін. Сондықтан жүріп-тұруға енгізілген шектеулер маған қолайсыз. Жұмысымыз да індетке байланысты тұрақсыз болып тұр. Жалпы барлығы қымбаттап өмір сүру қиындап кетті.

Сондай-ақ...