OSIRIS-REX зерттеу аппараты Жерге оралады

НАСА-ның зерттеу аппараты Бенну астероидының орбитасынан шығып жерге оралмақ.

Бүгін ол астероидтағы өз миссиясын аяқтап отыр. Енді зонд салмағы 60 грамм болатын топырағы бар контейнерді Жерге жеткізетін болады. Алайда оның жерге сапары 2 жылға дейін созылады дейді мамандар. Бұл уақыт аралығында аппарат екі мәрте Күнді айналып өтпек. Ғалымдар алынған топырақ үлгісі арқылы планеталар мен Күн жүйесінің қалай құрылғанын білуге болады деп болжап отыр. Топырақ үлгісі әлемнің бірнеше еліне де зерттеу жұмыстары үшін жіберіледі.

Сондай-ақ...