Калифорния штаты қуаңшылықтың зардабын тартуда

Калифорния билігі аймақтағы қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялады.

Қазір су тапшылығы әсіресе штаттың солтүстігі мен орталығында қатты сезіледі. Эколог мамандарының айтуынша, сәуір мен мамыр айларында ауа температурасы қауіпті деңгейге дейін көтерілген. Жылыну қардың тез еруіне әкеп соқты. Мамандар еріген қар штатты сумен қамтамасыз ететін өзенге ақпағандықтан аймақта судың жетіспеушілігі байқалғанын айтады. Оның үстіне су құбырларындағы қор да таусыла бастаған. Енді жергілікті билік аптап ыстықтың салдарынан орман өртінің жаңа маусымы басталуы мүмкін деп дабыл қағады.