427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәкістан астанасында миллиондаған адам таза судан тарығып отыр

  • 182
  • UPD: 23:58, 11.05.2021
Пәкістан астанасында миллиондаған адам таза судан тарығып отыр

Пәкістан астанасы Карачидің миллиондаған тұрғыны ауыз суға жарымай отыр. Өйткені тіршілік нәрінің шамамен 15 проценті тұтынушыларға жеткенше жоғалып кетеді.

Жергілікті экологтар осындай дерек келтірді. Оған бірнеше себеп бар. Біріншісі, инфрақұрылымның нашар болуымен байланысты, екіншісі ұрлық. Сонымен қатар, су көзі саналатын өзендер соңғы жылдары тартылып барады. Ал ел астанасында 20 миллиондай адам өмір сүреді.

Мұхамед Шакил, жергілікті тұрғын:

- Мына шүмектен судың аққанын ешқашан көрмеппін. Біз ауызсуды цистернамен сатып аламыз немесе оны қайырымдылық ұйымдары тегін ұсынады.

Хабар 24 телеарнасы