426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль мен «Хамас» бірін бірі атқылады

  • 186
  • UPD: 09:15, 12.05.2021
Израиль мен «Хамас» бірін бірі атқылады

Таяу Шығыстағы жағдай ушығып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Израиль әскері Газа секторын зымыранмен атқылады. Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, шабуыл салдарынан 21 адам қаза тапқан. Арасында балалар бар. Бұдан кейін Газа секторына бақылау жасайтын «Хамас» ұйымы қарымта шабуыл жасаған. Израиль тарапынан бірнеше тұрғын ажал құшты. Нақты саны белгісіз. Тель-Авив жаққа 200-ге жуық снаряд атқыланған. Еврей астанасында әуе дабылы қосылып, адамдар жертөлеге тығылды. Халықаралық қауымдастық Израиль әскерінен Газа мен Құдыстағы бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауды тез арада тоқтатуды талап етті.

Хабар 24 телеарнасы