Ресей билігі: Білім ошақтарындағы күзетті күшейту керек

Татарстан Республикасында бүгін қаралы күн, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Тұрғындар Қазан қаласындағы шабуыл жасалған мектепке гүл шоқтары мен ойыншықтар әкеліп жатыр. Мәскеудегі Татарстан өкілдігінде де тағзым ету орны құрылған. Ал Ресей билігі болса, білім ошақтарындағы күзетті күшейту керектігін айтып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласындағы мектептердің бірінде 19 жастағы жігіт оқ атып, салдарынан 9 адам қаза тапты. Олардың арасында 7 бала бар. Жарақат алған 21 адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, қамауға алынды.