423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Израиль әскерінің әуе шабуылынан қаза тапқан палестиналықтар саны артты

  • 169
  • UPD: 12:44, 12.05.2021
Израиль әскерінің әуе шабуылынан қаза тапқан палестиналықтар саны артты

Израиль әскерінің әуе шабуылынан қаза тапқан палестиналықтар саны 35 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында 10 бала бар. Жарақат алғандар қатары 200-ден асады. Ал «Хамас» ұйымы атқылаған зымырандардан 3 еврей азаматы ажал құшқан. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Газа секторының тұрғындары бүгін таңнан бері Израиль тарапынан зымырандардың толастамай жатқанын айтады. Снарядтардың күшінен үйлер шайқалып, оқ тигендері қирап жатыр. Сарапшылар соңғы күндері Израиль мен «Хамас» ұйымының арасында болып жатқан қақтығысты 2014 жылғы соғыстан кейінгі ең қанды ұрыс қимылдары деп бағалады. Халықаралық қауымдастық Израиль әскерінен Газа мен Құдыстағы бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауды тез арада тоқтатуды талап етті.

Хабар 24 телеарнасы