Италиялық монархтардың тәжі 1,6 млн долларға сатылды

Италиялық және испандық корольдердің Савойя әулетіне тиесілі бриллиантты тәжі Швейцариядағы аукционда 1 миллион 600 мың долларға сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әшекейлі бас киім бұған дейін саудаланғандардың ішіндегі ең қымбатына айналды. Ол үлкен бриллианттармен және табиғи меруерт тастармен безендірілген. Жәдігер XIX  ғасырдың аяғында сарай зергері Мария Виттория даль Поццо есімді ақсүйек қыз үшін қалың мал ретінде берілген. Бойжеткен ол кезде Италия Королінің ұлы, Испанияның болашақ билеушісі Амалея Біріншіге тұрмысқа шығып жатқан. Брилиантты тәж әулет қорында 150 жылдан астам уақыт сақталған.

Сондай-ақ...