Флорида штатында ондаған мың мутант маса еркіндікке жіберілді

АҚШ-тың Флорида штатында ондаған мың мутант маса еркіндікке жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, ғалымдар Денге безгегі мен Зика вирусын тасымалдаушы жәндіктердің бірі саналатын ұрғашы масалардың санын азайтпақ екен. Зертханалық тәжірибе кезінде масалардың гені өзгертілгендіктен, одан пайда болған ұрғашы ұрықтар  жетілмейтін көрінеді. Oxitec компаниясы келтірген дерекке сәйкес, мұндай әдіс Бразилияда, Панама мен Малайзияда өзінің 90%-тік тиімділігін көрсеткен. Енді алдағы екі жылда Американың оңтүстік бөлігіне 1 миллионға жуық гендік модификацияланған маса жіберу көзделіп отыр.

Сондай-ақ...