427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бангладеште айт қарсаңындағы қарбалас басталды

  • 119
  • UPD: 15:48, 12.05.2021
Бангладеште айт қарсаңындағы қарбалас басталды

Шетелде жұмыс істейтін Бангладеш азаматтары туған жеріндегі туыстарына соңғы 5 күнде 584 миллион доллар ақша жіберген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар мұндай қаржылық белсенділікті алда келе жатқан Айт мерекесімен байланыстырады. Сондай-ақ Бангладеште мыңдаған адам Ораза айт мерекесін отбасымен қарсы алу үшін аймақтарға ағылуда. Негізі бұл елде коронавирустың өршуіне байланысты 3 мамырда локдаун жарияланып, көліктің барлық түріне тыйым салынған болатын. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жолаушылардың теңіз айлақтарына көп жиналғандықтан, паромдардың жүруіне рұқсат еткен. Бірақ саны шектеулі. Карантин 16 мамырға дейін жалғасуы тиіс.

Сулайман, паром жолаушысы:

Локдаунға байланысты қазір ешқандай көлік жүрмейді. Сондықтан пароммен бара жатырмын. Мұның өзіне әрең отырдым. Айт мерекесін ата-анаммен, туыстарыммен бірге тойлайын деп едім. Олар ауылда тұрады.

Хабар 24 телеарнасы