BioNTech биотехнологиялық компаниясы Сингапурде зауыт салады

Бұл алпауыт компанияның Еуропа аймағынан бөлек тұрғызған алғашқы зауыты болмақ.

Болжам бойынша онда жылына 1 млрд дозаға дейін дәрі шығарылады. Компания басшысының айтуынша, құрылыс жұмыстары биыл басталып, 2023 жылға дейін аяқталуы тиіс.

Айта кетейік, Pfizer мен BioNTech компанияларының бірлесе шығарған препараты COVID-19 індетіне қарсы батыс елдерінде мақұлданған алғашқы вакцина болды. Бүгінде фармацевтикалық өнеркәсіп өз өнімін әлемнің 90-нан астам еліне жеткізіп жатыр. Компания ағымдағы жылдың соңына дейін өндіріс қуатын 3 млрд дозаға дейін ұлғайтуды мақсат етеді. 

Сондай-ақ...