425,78 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазанда болған қанды оқиға кезінде тағы екі баланың жарақат алғаны анықталды

  • 271
  • UPD: 21:22, 12.05.2021

Екеуі де шошынып қалған болуы керек, жағдайды бүгін ғана айтқан.

Сөйтіп жағалай атылған оқтан 23 адам түрлі деңгейде жараланған. Олардың 20-сы – оқушы, үшеуі – ересек. Тоғыз адам көз жұмды. Бүгін Татарстанда аза тұту күні. Марқұмдарды жерлеу рәсімі өтіп жатыр. Ал ауруханада жатқан алты оқушының жағдайы ауыр, екеуі хал үстінде жатыр. Қазір мұндағы мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Валентина Матвиенко, РФ федерация кеңесінің спикері:

– Бұл қылмысқа барған қаскөйді адам деуге болмайды. Балалардың өмірін қиып, олардың денсаулығына зиян келтіргендер қатаң жазаға тартылуы тиіс. Ресей үкіметі мен Татарстан билігі марқұмдардың отбасы мен жапа шеккендерге қажетті көмек көрсетеді. Соңғы жылдары оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көп шаруа атқарылды. Алайда оның жеткіліксіз болғанына көзіміз жетіп отыр. Кешегі оқиғадан сабақ алуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы