Италияға африкалық мигранттар ағыла бастады

Әсіресе ЛампедУза аралында көп.

Өткен демалыс күндері мұнда 2 мыңнан аса босқын келген. Қазір аралдағы орталықтарда оларды жатқызатын орын тапшы. Мигранттардың көбейгеніне енді жергілікті тұрғындар қарсы. Өйткені келушілер арасынан коронавирус жұқтырғандар шығып жатыр. Әрі-беріден соң олар карантин тәртібін де сақтай бермейді.  

жергілікті тұрғын:

– Лампедуза аралында мигранттар тұрмақ, жергілікті тұрғындар үшін жөнді жағдай жасалмаған. Денсаулық сақтау жүйесі сын көтермейді. Жолдарың сапасы нашар. Мектеп аз. Ал бізге келіп жатқан босқындардың саны азаяр емес.

Әдетте Африка елдерінен шыққан мигранттар алдымен Ливияға жетіп, артынан теңіз арқылы Еуропаға бет алады. Көбі Италия жағалауына аялдайды. Жыл басынан бері мұнда 13 мыңдай босқын келген екен. Бұл былтырмен салыстырғанда, 3 жарым есе көп. Бір айта кетерлігі, 500 мигрант жарты жолда суға кетіп, көз жұмған. Осы ретте Италия билігі Еуроодақтың өзге елдерінен бұл мәселеге қатысты шұғыл әрекет етуді сұрап отыр.

Сондай-ақ...