Коронавирус пандемиясының алдын алуға болар еді – ДСҰ

Бұл Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының пандемияға дайындықты қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз сараптамалық комиссиясы жасаған мәлімдеме.

Мамандардың айтуынша, мемлекет басшылары мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған тиісті шаралардың тым кеш жүзеге асуының салдарынан ковид індеті жер-жаһанды жайлап кетті.

Мишель Казачкин, тәуелсіз сараптамалық комиссияның мүшесі:

- Қытай мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан болған күдік пен жылдам әрекет етпеу салдары бәрімізге мәлім. Халықаралық медицина-санитарлық ережелері бойынша іркілістер болып, соңы үлкен қиындыққа әкеп соқты.