Гарри Поттер әлеміне арналған әлемдегі ең үлкен дүкен ашылады

Нью-Йоркте Гарри Поттер әлеміне арналған әлемдегі ең үлкен дүкен ашылады.

Джоан Роулингтің кітабында кездесетін «майлы, кілегейлі, дәмді» сусын мен тәттіні 3 маусымда татып көруге мүмкіндік тумақ. Сондай-ақ дүкенде сиқырлы таяқшалар мен мантиялардың алуан түрі бар. Бұдан басқа интерактивті алаңдар ашылып, естелік суретке түсу үшін арнайы орындар жұмыс істейді. Дүкен 3 қабатты, жалпы аумағы 2 мың шаршы метрге жуықтайды.