Огайо штатында вакцина салдырғандар лотерея ұтысына қатысады

АҚШ-тағы Огайо штатының губернаторы коронавирусқа қарсы вакцина салдырған 5 тұрғынға 1 миллион доллардан береді.

Жеңімпаздар лотерея ойыны арқылы анықталады. Аймақ басшысы ұтысқа тігілетін ақшаны індет кезінде көмек көрсетуге арналған федералдық қордан алатынын жеткізді. АҚШ-та соңғы апталарда вакциналау қарқыны 30 процентке төмендеген. Бұған екпелерге деген сенімсіздік пен індет бетінің қайта бастауы себеп болып отыр.

Майк Деуайн, Огайо губернаторы:

- 2 аптадан кейін, яғни 26 мамырда біз вакцинаның кемінде бір дозасын алған ересектер арасынан жеңімпазды анықтаймыз. Жеңімпазды 5 апта бойы әр сәрсенбі сайын жариялаймыз, әр жеңімпаз 1 миллион доллар алады. Сондай-ақ бұл лотереяны екпе салдырған 17 жастағы жасөспірімдер арасында да ойнатамыз. Жеңімпазға мемлекеттік университеттердің бірінен 4 жылдық толық грант беріледі, яғни оған оқу төлемі, жатақханадан орын, кітап, тамақ кіреді.

Сондай-ақ...