АҚШ-та хакер шабуылына ұшыраған жанармай құбыры қалыпқа келтіріліп жатыр

АҚШ-тағы Colonial Pipeline өндіріс орнының құбырлар желісі жұмысын жандандыра бастады. Бұл туралы компанияның өзі хабарлайды.

Істі қалпына келтіру мен жанармайдың көлемін бұрынғы деңгейге жеткізу жұмыстары бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін дейді мамандар.

Естеріңізге салайық, таяуда Нью-Джерсиден Техасқа дейін 9 мың шақырымға созылған Колониал Пайплайн компаниясының құбырлар желісі кибершабуылдың салдарынан істен шыққан еді. Кәсіпорынның тұралап қалуынан елде жанармай құны шарықтап, бензин  тапшылығы орын алды. Салдарынан бірнеше штатта төтенше жағдай жарияланды.