426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йоркте автомат-мейрамханалар жұмысы жанданды

  • 136
  • UPD: 14:41, 13.05.2021
Нью-Йоркте автомат-мейрамханалар жұмысы жанданды

Нью-Йоркте өткен ғасырда кеңінен қолданылған автоматтандырылған мейрамханалар қайта жандандырылып жатыр.

Қолданыстан шығып қалған тамақтану әдісін жаңғыртуға коронавирус індеті түрткі болған. Осының нәтижесінде қызметкерлер мен тұтынушылар арасында байланыс болмайды.

Сатушы автоматтың бір жағындағы ұяшыққа тамақ, салса адамдар екінші жағынан алады. Асқа тапсырысты онлайн немесе залда тұрған терминал арқылы жасауға болады. Жалпы мұндай мейрамхана алғаш рет 1895 жылы Берлинде пайда болған. 7 жылдан кейін АҚШ-қа тарайды. Бірақ 1970-ші жылдары фастфудтар пайда болып, мұндай орындар қолданыстан шығып қалған еді.

Майк Грэмс, Taco Bell компаниясының басшысы:

- Бұл кәсіпті қайта қолға алуымыздың бір себебіі қазір адамдар қашықтан сауда жасауды қалайды. Кейбіреулері тіпті қызметкерлермен сөйлесуге қорқады. Жалпы бұған дейін де қолданыста бар әдіс. Коронавирус тек оны жеделдетті әрі тиімділігін көрсетті деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы