Аргентинада медбикелер шеруге шықты

Аргентина астанасында медбикелер жұмысқа емес, шеруге шықты. Олар жұмыстағы жағдайды жақсартып, жалақы көлемін көтеруді талап еткен.

Ереуілшілер Ұлттық конгресс алдынан бастап, орталық алаңға дейін жүріп өтті. Олар коронавирус жұқтырған науқаспен бетпе-бет келетіндіктен індетке шалдығу және кез келген сәтте ауырып, айықпастан көз жұму қаупімен өмір сүрудің ауыр екенін алға тартады. Психологиялық және физикалық жағынан қатты қалжырайтын медбикелердің өзіне, отбасына қарауға мұрсаты болмайды. Бұл елде ковид-19 басталғалы 183 медбике осы індеттен қайтыс болған.

Лорена Меджиа, медбике:

- Біз індетке қарсы күрестің әркез алдыңғы шебіндеміз. Бірақ жұмысымыз қадірсіз. Лайықты еңбекақы алмаймыз. Осы індет кезінде қаншама әріптесімізден айырылдық.

Сондай-ақ...