427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Париж маңындағы химиялық зауытта өрт шықты

  • 141
  • UPD: 17:12, 13.05.2021
Париж маңындағы химиялық зауытта өрт шықты

Париждің солтүстік-батысындағы Безон коммунасында химиялық зауыт өртенді.

Билік өрт салдарынан қоршаған ортаның ластануы мүмкін екенін айтуда.

Өрт шыққан Protec Industrie компаниясының зауыты металл өңдеуге мамандандырылған және еуропалық Seveso классификациясы бар, ол зауытта адам үшін қауіпті заттар бар екенін білдіреді.

Өртті сөндіру жалғасуда. Оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат әлі хабарланған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы