Таиландта ковид жұқтырғандар көбейді

Таиландта ковид-19-ды жұқтырғандар қарасы көбейді. Соңғы бір тәулікте корольдікте вирус 5 мыңға жуық адамнан анықталды.

Бұл осы елде індет таралғалы ең жоғарғы көрсеткіш. Сарапышлар індеттің өршуін кеселдің түрмелерде көптеп таралуымен байланыстыруда. Өйткені дертке шалдығу дерегінің жартысы түзету орындарында тіркелген. Мысалы, әйелдерді түзету орталығындағы 4 жарым мыңнан аса адамның 1 мыңы дертке шалдыққан.

Айта кетейік, Таиландта індет басталғалы 93 мыңнан астам тұрғын дертке шалдыққан. Індеттің таралуы, әсіресе соңғы айда күшейіп, вирусты жұқтырғандар саны екі есе артқан.