427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шри-Ланкада үш күнге жалпыұлттық локдаун енгізілді

  • 102
  • UPD: 09:20, 14.05.2021
Шри-Ланкада үш күнге жалпыұлттық локдаун енгізілді

Шри-Ланкада науқастар санының артуына байланысты үш күнге жалпыұлттық карантин енгізілді.

Шара 17 мамырға дейін созылмақ.

Жаңа тәртіпке сәйкес, тұрғындардың жүріп тұруына шектеу енгізілді. Нәтижесінде көшеде адам қарасы бірден азайған.

Ал жергілікті биліктің мәлімдеуінше, елде індеттің таралуы өткен айда дәстүрлі жаңа жылдан кейін күрт өскен. Салдарынан вирусты жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 2 мың адамға жеткен.

Хабар 24 телеарнасы