Италияда көшеге пицца пісіретін автомат қойылды

Италия астанасы Римде пицца автоматтары пайда болды. Автоматта 4 түрлі салма ұсынылады.

Кез келген адам соның бірін таңдап, дайындалу барысын өзі бақылай алады. Сөйтіп, тамақ небәрі 3 минут ішінде әзір болады. Автоматтарға қатысты тұрғындардың пікірі қақ жарылды. Біреулер мұны керемет идея десе, басқалары аппарат жергілікті мейрамханалар үшін бәсекелес болып, тамақтану орындарының жұмысына кері әсер ететінін айтады.   

- Дәмі жаман емес. Бірақ мұны пицца деуге келмейтін шығар. Пьядина нанына ұқсас.

- Мейрамханадағы пиццаға жетпейді. Салмағы да аз, өлшемі де кішкентай.

Сондай-ақ...