425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Финляндия ғарышқа ағаштан жасалған спутник ұшырады

  • 164
  • UPD: 10:42, 14.05.2021

Биыл әлемде ғарышқа алғаш рет ағаштан жасалған жерсерігі ұшырылғалы отыр.

Бірегей жобамен финляндиялық компания айналысып жатыр. Мақсат ағашты экстремалды жағдайда қолдануға бола ма, жоқ па, соны тексеру.

Ал жерсеріктің көлемі шағын, 10 сантиметр ғана болып, пішіні төрт бұрышты етіп жасалмақ. Аппаратты орбитаға зымыран тасығыш алып шығуы тиіс. Ұшыру биыл жыл соңына таяу Жаңа Зеландиядағы ғарыш айлағынан жүзеге асырылады. Жерсерігімен ғарышта бірнеше тәжірибе жүргізіліп, өзгерістер арнайы құрылғылармен бақыланатын болады.

Хабар 24 телеарнасы