427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мадагаскарға ашаршылық қаупі төнді

  • 113
  • UPD: 12:01, 14.05.2021
Мадагаскарға ашаршылық қаупі төнді

Мадагаскарды соңғы 40 жылда болмаған алапат қуаңшылық жайлады. Салдарынан аралдағы мемлекеттің миллионнан аса тұрғынына ашаршылық қаупі төніп тұр.

Бұл туралы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері хабарлайды. Негізі, елде алапат құрғақшылықтың жалғасып жатқанына осымен үшінші жыл болды. Салдарынан егін алқаптарының көп бөлігі қурап қалған. Осы ретте Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері халықаралық қауымдастықтан көмек сұрап отыр. Айта кеткен жөн, Мадагаскарда шамамен 27 миллион адам тұрады. Дүниежүзілік банк мәліметінше, сол халықтың 78 проценті кедейлікте өмір сүреді екен.  

Ардуино Мангони, дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі:

- Жұмыс бабымен көп елде болдым. Бірақ осыншама аянышты жағдайда жүрген ашқұрсақ балаларды көрген емеспін. Құр сөлдері қалған. Миллионнан аса адам азық-түлікке мұқтаж. Біз құрғақшылықтан аса қатты зардап шеккен аудандардың халқына тамақ таратып жатырмыз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Тұрғындарға халықаралық көмек қажет.

Хабар 24 телеарнасы