Үндістанда аспаннан жай түсіп, он сегіз пілді өлтірді

Үндістанның Ассам штатында жай түсіп, 18 пілді өлтірді. Оларды орман ағаштарының арасынан тұрғындар тауып, билік өкілдеріне хабарлаған.

Жануарлардың найзағайдан ажал құшқаны туралы болжамды жергілікті ақпарат құралдары таратты. Өлекселерден алынған бөліктер сараптама орындарына жіберілді.

Айта кетейік, Азиядағы пілдердің 50 проценттен астамы Үндістанды мекендейді. Бірақ кейінгі жылдары олардың саны азайып барады. Бұған пілдердің тіршілік ету аймағының тарылуы және мүйізіне бола өлтірілуі себеп.

Паримал Суклабайдия, Ассам штатының орман министрі:

- Бұл өте қайғылы оқиға. Мұндай жағдай біздің Ассам ормандарында ешқашан болмаған. Найзағай түсті десек те қосымша арнайы тергеу жүргіземіз.